Атырауда араққа тойып алған ер адам ескерткішті құлатып тастады (ВИДЕО)

Ол Орал қаласының 43 жастағы тұрғыны болып шықты.

Ішімдікке тойып алған ер адам Атырау қаласының орталығындағы арт-нысанға шығып алып, ескерткішті құлатып тастады деп хабарлайды Paryz.kz, облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Сәтбаев көшесіндегі мүсінге ер адамның шығып алғаны жайлы полицияға өтіп бара жатқан адам мәлімдеген.

Полиция тәртіп бұзушының кім екенін анықтады. Ол Орал қаласының 43 жастағы тұрғыны болып шықты. Медициналық сараптама нәтижелері бойынша оның орташа мас күйде болғаны анықталды.

Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, арт-нысан бүлінген. 

Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 434-бабы 1-бөлігі және 440-бабының 3-бөлігіне сәйкес, хаттамалар толтырылды. Сот шешімімен ер адам 5 тәулікке ұсталды, - деді полиция.