Прямая трансляция

Астана

Астана

-2.03°C

Салық қарызы 17 мың теңгеден аспайтын азаматтардың шоты бұғатталмайды

Азаматтарға ыңғайлы болуы үшін бүгінде төлем жасаудың бірнеше жолы қарастырылған.

Салық қарызы 17 мың теңгеден аспайтын азаматтардың шоты бұғатталмайды
фото: 1obl.ru

Бұдан былай салық бойынша қарызы 17 мыңнан аспайтын азаматтардың есеп-шоты бұғатталмайды. Заңнамаға осындай өзгеріс енгізілді деп хабарлайды Paryz.kz, Nege.kz сайтына сілтеме жасап. 

Ал берешек толық өтелген жағдайда банктер шығыс оперцияларын жандандыруға құқылы. Ресми мәліметтерге сүйенсек, салықтан жиі жалтаратындар Алматы тұрғындары. Олардың мемлекет алдындағы қарызы 5,1 млрд теңгеге жетеқабыл. Әсіресе, көлік салығын төлемеу деректері тыйылар емес. Ол барлық берешектің 90 пайызын құрайды.

Азаматтарға ыңғайлы болуы үшін бүгінде төлем жасаудың бірнеше жолы қарастырылған. Атап айтсақ, e-Salyq Azamat, Egov порталы, екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары мен Қазпошта бөлімшелері арқылы іске асыруға болады.