Головкин әлем чемпионымен жекпе-жекке шығудан бас тартты

Бұл туралы Пагмайрға DAZN стриминг сервисіндегі ақпарат көзі хабарлапты.

Головкин әлем чемпионымен жекпе-жекке шығудан бас тартты
фото: дереккөз

Геннадий Головкин WBO титулының иегері Деметриус Андрадемен жұдырықтасудан бас тартты деп хабарлайды Paryz.kz, Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

The Athletic инсайдері Лэнс Пагмайрдың мәліметінше, орта салмақтағы IBF/IBO әлем чемпионы Геннадий Головкин бұл кездесуге қызығушылық танытып отырған жоқ. Бұл туралы Пагмайрға DAZN стриминг сервисіндегі ақпарат көзі хабарлапты.

Маған Генадий Головкиннің 31 желтоқсан күні Жапонияда Риото Муратамен өтеді деп жоспарланған кездесуіне дейін Деметриус Андрадемен шаршы алаңға шықпайтыны туралы хабар келді, - деді The Athletic инсайдері Twіtter әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Бұған дейін дәл осы ақпарат көзі Геннадий Головкиннің қыркүйекте Сауль Альвареспен үшінші рет кездесуге келісім бергенін мәлімдеген болатын. Бірақ бұл ұсыныстың қаншалықты нақты екені белгісіз.

Еске сала кетейік, осыған дейін BoxRec басылымы боксшылардың салмақ дәрежесінен тәуелсіз рейтингін жариялап еді.

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин үздік бестіктегі орнын сақтап қалған. BoxRec нұсқасы бойынша pound-for-pound боксшылар рейтингі келесідегідей:

1. Сауль Альварес (Мексика);

2. Тайсон Фьюри (Ұлыбритания);

3. Теренс Кроуфорд (АҚШ);

4. Энтони Джошуа (Ұлыбритания);

5. Геннадий Головкин (Қазақстан);

6. Эррол Спенс-кіші (АҚШ);

7. Деонтей Уайлдер (АҚШ);

8. Теофимо Лопес (АҚШ);

9. Джермалл Чарло (АҚШ).

10. Сергей Ковалев (Ресей).