Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

"Адвокаттарым ауырып қалды": Біртанов сот отырысын кейінге қалдыруды сұрады

Судья Біртановпен келісіп, сот отырысын 14 шілде сағат 09:15- ке ауыстырды. 

"Адвокаттарым ауырып қалды": Біртанов сот отырысын кейінге қалдыруды сұрады
фото: видеодан скриншот

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласындағы онлайн сот отырысында Қаржы мониторингі агенттігі өкілінің өтініші қаралуы керек еді. Тергеу Елжан Біртановты өзіне жүктелген қылмыстық іс материалдарымен танысып біткенше үйқамақта ұстауды сұраған болатын деп хабарлайды Paryz.kz, NUR.KZ-ке сілтеме жасап.

Бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Біртанов сот отырысын кейінге қалдыруды сұрады. Себебі, оның адвокаттарының бірі денсаулығының сыр беруіне байланысты дәрі тамызып жатыр. Ал өзі мен басқа адвокаттар бүгінге белгіленген сот отырысы жайлы тек бірнеше сағат бұрын естіген. Сондықтан, процеске дайындалып үлгермеген. Біртановтың адвокаттары оның өтінішін қолдады. Өз кезегінде, судья бүгін прокурор нұсқасын, ал алдағы сәрсенбіде Біртанов пен оның адвокаттарын тыңдауды ұсынды. Бұл ұсынысқа Біртанов келіскен жоқ. Ол мұндай жағдайда бүгін БАҚ беттерінде тек бір нұсқа жарияланатынын айтты.

Мұнда БАҚ өкілдері отырғандықтан, мен процесті екіге бөлмей, сәрсенбі күні прокурордың да, біздің де нұсқаны тыңдауды сұраймын. Әйтпеген жағдайда, бүгін БАҚ беттерінде тек айыптау нұсқасы ғана жарық көреді. Ол жай ғана нұсқа болса да, халыққа айыптау ретінде жетуі мүмкін. Бұл істі бақылап жүрген оқырмандар көп болғандықтан, олар мәселе тергеу соты мен бұлтартпау шарасы жайлы екенін түсінбейді. Олар маған айып тағылып қойды деп санайды, - деді бұрынғы министр.

Судья Біртановпен келісіп, сот отырысын 14 шілде сағат 09:15- ке ауыстырды.