Алматыда ПТР нәтижесі мен вакцинация паспорттарын қолдан жасаған үш мекеменің қызметкерлері әшкере болды деп хабарлайды Paryz.kz, Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Қалалық Криминалды полиция басқармасының мәліметі бойынша, екі жеке медициналық орталық - "Достар Мед" және "Сұңқар" қызметкерлері жалған құжат жасағаны үшін ұсталды. Сондай-ақ №4 поликлиникада медициналық қызметкерлердің вакцинация паспортын сатқаны және вакциналарды заңсыз жойғаны анықталды. Бірінші жағдайда клиника жанындағы зертхана қызметкері орталықтың екі медбикесі көмегімен ақшалай сыйақы үшін биоматериалды алмай, ПТР-сынама тапсыруды ұйымдастырған.
Тағы оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда жалған ПТР анықтамасын сатқандар ұсталды
Біраз уақыттан кейін "Сұңқар" медициналық орталығының дәрігер-эндоксисті ұсталды. Ол бұрын алаяқтық үшін жауапқа тартылған. Жеке тінту кезінде ПТР-сынама нәтижелері, сондай-ақ, ақша процессуалдық тәртіпте тәркіленді. Сонымен қатар №4 қалалық емхананың аға мейірбикесі ұсталды, ол 15 мың теңге көлемінде ақшалай сыйақы үшін вакцина алғандарды белгілеу журналына жалған тіркеу жасағанын мойындады. Бұл деректер ҚР ҚК-нің 385-бабы бойынша соталды тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тергеу жалғасып жатыр.