Осы орайда департамент басшысы көпбалалы отбасы және көпбалалы ананың жәрдемақысы екі бөлек екенін ерекше атап өтті.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі заң бойынша көпбалалы ананың кім екенін түсіндірді деп хабарлайды Paryz.kz, Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап.
Әлеуметтік көмек саясатын дамыту департаментінің директоры Асқар Ниязовтың айтуынша, бүгінде халық арасында төрт баласы бар әйелдерді де "көпбалалы ана" деп айтып жүр. Бірақ заң бойынша оған тек "Күміс алқа" және "Алтын алқа" иегерлері ғана жатады.
Бізде "Отбасы және неке туралы" кодекс бар. Оның 1-бабының 17-тармақшасына сәйкес, "көпбалалы отбасы" – бұл төрт және одан да көп баласы бар отбасылар. Ал "көпбалалы ана" дегеніміз, ол 6-7 және одан да көп баласы бар ардақты аналарымыз. Олардың барлығы - "Күміс алқа" немесе "Алтын алқа" иегерлері, - деді Ниязов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.
Осы орайда департамент басшысы көпбалалы отбасы және көпбалалы ананың жәрдемақысы екі бөлек екенін ерекше атап өтті.
Қазақстанда көпбалалы отбасылардың жәрдемақысы сараланған мөлшерде төленеді. Төртінші баладан бастап, 46 760 теңге көлемінде, бесінші балаға – 58 457 теңге. Әр бала қосылған сайын санына қарай 18 жасқа дейін сараланып төленеді. Қазіргі кезде әрбір балаға берілетін жәрдемақының орташа мөлшері 11 668 теңге. Ал көпбалалы анаға төленетін жәрдемақының мөлшері 18 669 теңгенің көлемінде. Ол өмір бойына ай сайын төленіп тұрады, - деп атап көрсетті Ниязов.
Екі жәрдемақы да отбасының табысына қарамастан төлене береді.
Бұдан бөлек, көпбалалы аналар тұрғын үймен бірінше кезекте қамтамасыз етіледі. Осы жеңілдік өткен жылы заңды түрде бекітілген болатын. Көпбалалы аналарға салық жағынан, сондай-ақ, қоғамдық көлікпен жүру жағынан да жеңілдік жасалып отыр. Коммуналдық қызметтердің бір бөлігін ғана төлеуге болады.