Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

"Табаны түсіп жатыр": Қызылорда облысында түйелер індетке шалдықты (ВИДЕО)

Ресми дерек бойынша, 13 бас түйенің табаны түсіп қалған.

"Табаны түсіп жатыр": Қызылорда облысында түйелер індетке шалдықты (ВИДЕО)
фото: видеодан скриншот

12 шілдеден бастап Қызылорда облысы Арал ауданында төтенше жағдай жарияланады деп хабарлайды Paryz.kz, "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

Төтенше жағдай 12 шілдеде жарияланады. Екінші барлық шараға қажетті қаржының есебі жасалды. Қаржының көлемі 1 млрд тенгені құрайды, аудан 11,5 млн тенгем бар дейді, қалғанын облыс пен республикадан алмақшы. Сол қаржыны республикадан алуға аудан әкімі көмек берсеңіздер деп отыр. Тез арада шешуге жұмыс жасаймыз, - дейді Мәжіліс депутаты Ғалым Әміреев.

Жаз басталғалы аралдықтарды қуаңшылық қыспаққа алып тұр. Жауын-шашын болмаудың салдарынан жерге көк шықпай, төрт түлік көтерем болып, арам өлген деректері тіркелген. Бұл аздай енді жұқпалы індет түйені түгімен жұтатын түрі бар. Ауруға шалдыққан жануарлардың табандары түсіп жатыр.

Мамандардың алдын ала болжамына сүйенсек, бұл - «некробактериоз» дерті болуы мүмкін. Қазір қосымша сараптама тағайындалды. Індетке шалдыққан түйелерге жаппай екпе жұмыстары жүргізілуде.

Аурудың таралуы қысқы қоралардың санитарлық тазалыққа сәйкес болмауы. Жердің, лайда малдың көп жүруі. Сондай малдан малға жұғатын ауру. Егер ол дер кезінде вет дәрігерлерге хабарласпай, ем-дом жасалмаса малдың өліп кетуі әбден мүмкін, - дейді облыстық Ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Әнуарбек Дәрмағанбетов.       

Мамандар қыстан көтерем болып шыққан түйелердің ауруға бейім екендігін айтуда. Жұқпалы бұл кесел аймақта соңғы рет тоқсаныншы жылдары тіркелген. Дейтұрғанмен, аса қауіпті індет түрі болмағандықтан шаруаларға өтемақы төленбейтінін кесіп айтты. Ресми дерек бойынша, 13 бас түйенің табаны түсіп қалған. Алайда, малшылар ауруға шалдыққан мал саны одан әлдеқайда көп екендігін айтып, дабыл қағуда.