Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Елжан Біртанов пен Олжас Әбішевке қатысты тергеу аяқталды

Өзге ақпарат ҚР ҚПК-ның 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды.

Елжан Біртанов пен Олжас Әбішевке қатысты тергеу аяқталды
фото: afm_rk

Қаржылық мониторинг агенттігі бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен вице-министр Олжас Әбішевке қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Paryz.kz, zakon.kz-ке сілтеме жасап.  

Біртанов пен Әбішев Денсаулық сақтау министрлігінің жарамсыз ақпараттандыру Платформасын қабылдау және пайдалануға беру арқылы лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деп күдіктелуде.

Платформа Денсаулық сақтау жүйесіндегі проблемаларды жедел шешу үшін пациенттер, дәрі-дәрмектер және медициналық бұйымдар туралы барлық ақпаратты біріктіруі керек еді.

Бүгінгі таңда платформа жұмыс жасамайды және оны медициналық мекемелердің пайдаланбайтыны жиналған дәлелдермен расталады.

Орындалмаған жұмыстардың құны 4,1 млн АҚШ долларын немесе 1,5 млрд теңгені құрайды.

Сондай-ақ Елжан Біртанов санитариялық авиацияның әуе кемесін 2020 жылғы маусымда жеке мақсаттары үшін пайдалану кезінде өкілеттіктерін асыра пайдаланды деп күдіктелуде.

Биыл 7 шілдеде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы жарияланып, қылмыстық іс материалдарымен танысу басталды.

Өзге ақпарат ҚР ҚПК-ның 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды.