Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

"Өте қорқынышты!": Алматы облысындағы құйынның ВИДЕОСЫ желідегілерді шошытты

"...Табиғатты қорғау заңнамасының талаптарына сәйкес учаскені құлаған ағаштардан тазарту жұмыстары әлі де жүргізілуде", - деп хабарлады Райымбек ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі. 

"Өте қорқынышты!": Алматы облысындағы құйынның ВИДЕОСЫ желідегілерді шошытты
фото: видеодан скриншот

Желі қолданушылары алапат құйынның видеосын талқылап жатыр. Бейнежазбаның Алматы облысында түсірілгені айтылуда. Жағдайға қатысты өңірлік ТЖД мен Райымбек ауданының әкімдігі пікір білдірді деп хабарлайды Paryz.kz, NUR.KZ-ке сілтеме жасап. 

Құйынның Қытаймен шекаралас орналасқан Райымбек ауданында болғаны хабарланды.

"Сұмдық", "Өте қорқынышты", "Жер полюстері өзгеруде" - деп жарыса жазған көпшілік.

Осыған байланысты Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті пікір білдіріп, Райымбек ауданында құйын болды деген ақпарды жоққа шығарды.

"Биыл аталған аудан аумағында осындай күшті құйын мен дауыл тіркелген жоқ. Видео ескі немесе монтаждалған болуы мүмкін", - деді ТЖД ресми өкілі Азамат Жұртбаев.

Аудан әкімдігі де видеоның шынайы екеніне күмән келтірді. Алайда 2020 жылдың жазында Ойқарағай орман алқабында қатты дауыл болғанын хабарлады.

"Видео монтаждалған. Мұны біздің орманшылар да растайды. Құйынға келер болсақ, өткен жылы 3 шілде күні сағат 17:00 шамасында Ойқарағай орман алқабында тіркелді. Құйын салдарынан 1 гектар учаскедегі ағаштар құлады. 32,7 шаршы метр шыршаға зақым келді. Табиғатты қорғау заңнамасының талаптарына сәйкес учаскені құлаған ағаштардан тазарту жұмыстары әлі де жүргізілуде", - деп хабарлады Райымбек ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.