Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Кітап жәрмеңкесі

Орал қалалық мәдениет және демалыс саябағында «Кітап-сарқылмас қазына» атты кітап жәрмеңкесі өтті. Тәуелсіздіктің 30 жылдығы және Балалар әдебиетін қолдау жылы аясында өткен іс-шараға оралдық ақын-жазушылар қатысты.

Кітап жәрмеңкесі

Кітап жәрмеңкесіне келген Орал қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Ғалиев кітап құндылығы туралы сөз қозғап, қала тұрғындары арасында әсіресе өскелең ұрпақтың кітапқа құштарлығын ояту қажеттігін айтты. Белгілі ақын Айтқали Нәріков жастардың арасында шығармашылықпен айналысатын, поэзияға, әдебиетке құштар жас таланттардың көбейіп келе жатқаны, көңілге қуат беретінін тілге тиек етті. 


Әдеби кешке ұласқан шара Шолпан Қыдырниязова, Айтқали Нәріков, Дариға Мұштанова, Талап Таймасұлы, Бауыржан Ғұбайдуллин, Қазбек Құттымұратұлы сынды жергілікті қаламгерлердің кітапсүйер оқырманмен  тікелей кездесуімен айшықталды. Жиылған жұртшылық пен кітап авторлары арасында жанды байланыс орнап, ақжарма тілектер айтылды. Поэзия кешінде аға буын, жас буын өз өлеңдерін оқыды. Кешті тамашалай келген тұрғындар да әдемі шараға жырдан шашу шашып, кеш көрігін қыздырды. 

Шара барысында жас суретшілер «Менің сүйікті кейіпкерім» тақырыбында сурет салды. Жас суретшілерді қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Серік Қайырлиев марапаттап, алғысхат пен естелік сыйлықтар табыстады. 

 

Жұбан МҰРАТ,

Орал қаласы