07.07.2021, 16:52

Алматыда Glovo курьерлері наразылық акциясына шықты (ВИДЕО)

фото: ашық дереккөз

Айта кетсек, мамыр айының басында қалада Wolt. курьерлері ереуілге шыққан болатын.

Glovo компаниясының курьерлері наразылық акциясына шықты деп хабарлайды Paryz.kz, Zakon.kz-ке сілтеме жасап. 

Жас жігіттер компания бонустар мен үстемеақыларды, платформаға қосылу шарттары мен бағыт-бағдарларды оңтайландыру мәселелерін талқылау үшін кеңсе алдына жиналды. 

Курьерлік қызметке сәйкес, қызметкерлер жүйемен келіспеген жағдайда басқа компаниямен ынтымақтастықты таңдауға құқылы.

 

Glovo бұған қатысты мынандай түсініктеме берді: курьерлердің тапсырыстарды күту уақытын қысқарту және маршрутты оңтайландыру туралы сұраным мен ұсыныстары серіктес мейрамханаларға, техникалық қызметтерге жолданды.

 

Айта кетсек, мамыр айының басында қалада Wolt. курьерлері ереуілге шыққан болатын.