Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Алматы облысында вакцинадан бас тартқан тәрбиешіні жұмысынан шеттеткен

Қалған қызметкерлер вакцина салдырды.

Алматы облысында вакцинадан бас тартқан тәрбиешіні жұмысынан шеттеткен
фото: ашық дереккөз

Алматы облысындағы балалар үйінің тәрбиешісі вакцинадан және ПТР-тест тапсырып отырудан бас тартты. Осыған байланысты балалар үйінің қызметкері уақытша жұмыстан шеттетілді, қалған қызметкерлер вакцина алды деп хабарлайды Paryz.kz, Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысы негізінде "Талдықорған қаласының Алматы облыстық мамандандырылған балалар үйі" КММ қызметкерлеріне вакцина алу немесе ПТР тест тапсыру қажеттілігі туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді", - деп хабарлады Алматы облысының Денсаулық сақтау басқармасындағылар.

Балалар үйінің 93 қызметкерінің төртеуінде медициналық вакцинаға қарсы көрсеткіші бар. Тәрбиеші Н.Зубкова вакцинадан бас тарту туралы нотариалды куәландырылған өтініш берді, сонымен қатар ПТР-тест тапсырудан бас тартты.

Қазіргі уақытта Н. Зубкова 3 шілдеден жұмыстан шеттетілді. Қалған қызметкерлер вакцина салдырды.