Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

СҚО-да мектеп оқушыларының ноутбугін ұрлаған шенеуніктер сотталып кетті

Келтірілген шығын - 27 миллион 966 мың теңге. 

СҚО-да мектеп оқушыларының ноутбугін ұрлаған шенеуніктер сотталып кетті
фото: newauction.com.ua

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық білім бөлімінің экономисі және IT маманы Көкшетау қаласындағы ломбардтарға өткізген 177 ноутбукті ұрлап сатқан деп хабарлады Paryz.kz.  

Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі бірлескен жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижелері бойынша Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданында мектеп оқушыларын қашықтықтан оқытуға арналған компьютерлік техниканы ұрлау фактілерін анықтаған.

Тағы оқи отырыңыз: СҚО-да шенеуніктер оқушыларға тиесілі ноутбуктерді ұрлаған

БҚО-да оқушылардың ата-аналары мемлекет берген планшеттерді ломбардқа өткізіп жіберген

Коронавирустық пандемия кезінде мектеп оқушыларына қашықтан оқытуға жағдай жасау үшін 2020 жылдың қыркүйегінде Айыртау ауданының ҚМУ білім бөлімі Солтүстік Қазақстан облысының білім басқармасынан 158 мың теңгеден 746 Acer ноутбуктарын алғаны анықталды. Олар мектеп директорларына бірінші кезекте аз қамтылған және толық емес отбасылардан шыққан оқушыларға тарату үшін берілді, – деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі.

Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында аудандық білім бөлімінің қызметкерлері – экономист және IT маманы Көкшетау қаласындағы ломбардтарға сатқан 177 ноутбукты ұрлағаны анықталды.

Келтірілген шығын - 27 миллион 966 мың теңге. Солтүстік Қазақстан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі лауазымды тұлғаларға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 2-тармағының 4-бөлігі 189-бабы (аса ірі көлемде жасалған ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады.

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық сотының үкімімен шенеуніктер 7 және 7,5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Ал Батыс Қазақстанда аз қамтылған отбасылар да балаларын оқытуға арналған ноутбуктерді ломбардтарға өткізген. Бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалған.