Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

Астананың Нұр-Сұлтан атануы Тоқаевтың мойнында екен

Мен президент болғанда менің сөзіме құлақ асатын, - деді елбасы. 

Астананың Нұр-Сұлтан атануы Тоқаевтың мойнында екен
фото: sputnik.kz

Нұрсұлтан Назарбаев ел астанасына есімінің берілуі жөнінде пікір білдіріп, оған қарсы болғанын, бірақ қазір ешкім сөзіне құлақ аспайтынын, сондықтан шешімді Тоқаев шығарғанын айтты деп хабарлайды Paryz.kz.  

Елордада болған өзгерістерді сөз болғанда Назарбаевқа америкалық режиссер: "Иә, бұл сіздің қалаңыз, сол себепті оны Нұр-Сұлтан деп атадыңыз ба?" - деген сұрайды Оливер Стоун. 

Мен мұны қалаған жоқпын. Мен қарсылық білдірдім, - дейді Елбасы. 

"Ал сіз қаланы қалай атайтын едіңіз?", - деп сұрайды режиссер.  

Қаланы "Астана" деп мен атадым. Бұл сөз қазақ тілінде "елорда" дегенді білдіреді. Бірақ кейінгі президент қалаға оны құрған адамның есімін беру керек деген шешім шығарды, - деді Назарбаев. 

Сондай-ақ экс-президент қызметте жүргенінде есімін тек университетке беруге келіскенін айтады.

Мен университетті дамыту үшін үкіметтің назарын осылайша аударғым келді. Ал қаланың атауын өзгерту туралы ұсыныс көптен бері талқыланып жүрген еді. Бұл мегаполис айдалада бой көтерді. "Сіздің есіміңізді бермегенде, кімдікін береміз? Бұл қаланың әрбір тасына сіздің қолыңыз тиген ғой" деп айтты, - дейді ол. 

Сонымен қатар елбасы оның құрметіне көше, қаланың атауын беруге үзілді-кесілді қарсы болғанын жеткізді. 

Мен президент болғанда менің сөзіме құлақ асатын, - деді елбасы.