Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

"Үкімет отставкаға кетсін!": Алматыда митинг өтті

Наразы топ Қытайдың экспансиясы мен елдегі қуаңшылық, азық-түліктің қымбаттауы секілді мәселелерді көтерді. 

"Үкімет отставкаға кетсін!": Алматыда митинг өтті
фото: дереккөз

Бүгін, 6 шілдеде Алматы қаласында елімізде тіркелмеген Демократиялық партия митинг өткізді деп хабарлайды Stan.kz

Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайының маңында белсенді Жанболат Мамай бастаған Демократиялық партия митинг өткізді. Наразы топ Қытайдың экспансиясы мен елдегі қуаңшылық, азық-түліктің қымбаттауы секілді мәселелерді көтерді. 

Митингке шамамен 50 шақты адам жиналды. 

"Бүгін мейрам дейді, бірақ елімізде мынадай жағдай болып жатса қайдағы мейрам? Жемқорлықтың салдарынан еліміз кедейліктен көз ашпайды. Билік халықтың қамын ойламайды", - деді Жанболат Мамай. 

Шеруге келген топ өздерімен "Қымбатшылық қысып барады", "Үкімет отставкаға кетсін" деген сөздер жазылған плакаттар ала келіпті. Шерушілердің бірі елорданың атауын "Алашорда" деп өзгерту керек екенін айтады.