Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Атырауда бір топ жігіт пойызды тоқтатпақ болды (ВИДЕО)

Олар 5 АЕК көлеміндегі, яғни 14 585 теңге айыппұл төлейді. 

Атырауда бір топ жігіт пойызды тоқтатпақ болды (ВИДЕО)
фото: видеодан скриншот

Атырау облысында бір топ жігіт пойызды тоқтатпақ болып соңынан жүгіреді. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарап жатыр деп хабарлайды Paryz.kz.  

"Ақ Жайық" порталының ақпаратына қарағанда, бұл жағдай 4 шілдеде Қызылқоға ауданы Сағыз стансасында болған.

Сағыз ауылдық округі желілік полиция бөлімінің басшысы Болатбек Іңірбайдың айтуынша, жастар, осылайша, әскерден келген достарын қарсы алған. Полицей бұған дейін де мұндай жағдай болғанын жеткізді. Алайда пойызды тоқтатуға тырысуы алғаш рет.

"Олар аудан орталығы мен ауылдардың тұрғыны. Пойыз станцияда тоқтамақ болған. Алайда жігіттер оның тоқтағанын күте алмады", -деді ол.

Оқиғаға қатысты Сағыз ауылының екі тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 18 және 19 жастағы бозбалалар вагонның баспалдағына шығып кеткен. 

Олар 5 АЕК көлеміндегі, яғни 14 585 теңге айыппұл төлейді.