Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

37 отбасы жаңа үйге көшті

Оралда ресми түрде апатты деп танылған 52   және қала аумағында 200-ге жуық тозығы жеткен тұрғын үй бар. Мемлекеттік-жеке меншіктік әріптестік негізінде бағдарлама басталғалы бері шаһардағы 19 көп қабатты тұрғын үй сүріліп, олардың орнына 8 көп қабатты баспана бой көтерді. Солардың арасында - Ружейников №14 мекенжайындағы ескі үйдің орнына салынған 400 пәтерлік 4 тұрғын үй бар.Елорда күні қарсаңында соның 90 пәтерлі бір жаңа үйі пайдалануға берілді.

37 отбасы жаңа үйге көшті

Қоныс той иелерінің қуанышымен бөлісуге БҚО әкімі Ғали Есқалиев арнайы келді. Ол жиналған қауымды Нұр-Сұлтан қаласының туған күнімен құттықтап, игі тілегін білдірді. 

-Тұңғыш Президентіміз, Елбасы Нұрсұтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген саясатының арқасында қазақтың байтақ даласында теңдесі жоқ шаһар бой көтерді. Соңғы 20 жылдың ішінде астанамызда халықтың саны бес есе  көбейіп, 1 миллионның үстіне шықты.  Өңірлер елордаға қарап бой түзейді, дамиды. Соның бір көрінісіндей жаңа үйіміз мемлекеттік-жеке меншіктік әріптестік аясында салынды. Бұл үйдің құрылысын жүргізу үшін мемлекет тарапынан инфрақұрылым тартылды,  100 миллион теңгеден астам қаражат бөлінді. Осы жердегі апатты үйде тұрған 37 отбасы  жаңа үйге көшуге мүмкіндік алды,-деді облыс әкімі.

Орал қаласы әкімінің орынбасары Мирас Мүлкайдың  айтуынша, таяу аралықта қаладағы Абай даңғылы 246 мекенжайында тағы бір үй пайдалануға берілмек. Қаланың орталық бөлігінде бес үйдің құрылысы жүргізілуде. Алдағы жылы да осы бағдарлама бойынша тұрғын үй салу жалғасады.

 

Жұбан МҰРАТ,

Орал қаласы