Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

Оралдықтар қиярдан тарықпайды

Елорда күні қарсаңында Орал жылыжай комбинаты іске қосылды. Бұл – Ақ Жайық өңіріндегі өндірістік жылыжайдың алғашқысы.

Оралдықтар қиярдан тарықпайды

Бес  гектар аумақтағы жаңа жылыжайда 100 жаңа жұмыс орны ашылды. Жобаға 6 миллиард теңгеге жуық инвестиция  құйылды. Өткен жылы облыста 800 тонна қияр жиналған болса,   жарты жылдың ішінде тестілік режімде жұмыс істеген комбинатта 1700 тонна өнім жиналды.

Жылыжайдың ашылуына қатысқан БҚО әкімінің бірінші орынбасары Мұхтар Манкеевтың айтуынша, бұл жоба ең алдымен  қиярмен ішкі сұранысты қанағаттандыруды, содан кейін басқа өңірлерге немесе сыртқа шығаруды көздейді. Бүгінде жылыжай кешенінің өніміне сұраныс жоғары, Ресей Федерациясынан, басқа өңірлерден түсуде.

Жылыжай голландиялық  технологияларды пайдаланып салынған.Гидропоника технологиясы қолданылады. Мұнда өздерінің су ұңғымасы және қаладан келетін суды үнемдеп пайдаланады.  Қияр +21 градус жылылықта өсірілуде.

-Жылыжай  бір ғана компьютермен басқарылады. Төбеде шағын метеостанса бар, соның көмегімен компьютерге желдің бағыты, күннің түсуі жөнінде ақпараттар беріледі. Соған қарай қажетінше төбе форточкалары ашылады, күн қатты ыстық болса, жабындармен жабылады. Бұл – толықтай  аутоматтандырылған, 4-буынды өндірістік жылыжай. Қиярымызды Оралдағы сауда орындарынан, базарлардан табуға болады, - деді  «Орал жылыжай комбинаты» ЖШС-ның бас директоры Алмат Забихов.     

Жылыжайда алдағы тамыз айында екінші көкөніс түрі  қызанақты өсіру жоспарланған. Жалпы мұнда жылына 3 мың тонна көкөніс өсіруге болады.

 

Жұбан МҰРАТ,

Орал қаласы