Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Теңіз кен орнында вакцина салдырған әйел есінен танып қалды (ВИДЕО)

Онда ол 4 шілдеге дейін дәрігердің бақылауында болды.

Теңіз кен орнында вакцина салдырған әйел есінен танып қалды (ВИДЕО)
фото: ашық дереккөз

Теңіздегі вахта кенттерінің бірінде коронавирусқа қарсы вакцина салғаннан кейін әйел есінен танып қалды. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде таралды деп хабарлайды Paryz.kz, "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап. 

"Теңізшевройл" баспасөз қызметі видеоға қатысты түсінік берді. Компания Теңіздегі вакцинация орталығында мердігер компаниялардың бірінің қызметкері вакцина салдырғаннан кейін ауырып қалғанын растады.

Қазіргі уақытта қызметкердің жағдайы тұрақты, ол толық медициналық тексеруден өтеді. Денсаулық жағдайы жақсарғанда клиникадан шығарылады, - деді баспасөз қызметі өкілі.

Олар Теңізде 28 мыңнан аса қызметкер вакцина алғанын және бұрын мұндай жағдай тіркелмегенін атап өтті.

Сондай-ақ, оқиғаға қатысты Өңірлік коммуникациялар қызметі пікір білдірді. Ұсынылған ақпаратқа сәйкес, әйелде бұрын эпилепсия тіркелген. "Спутник V" (екінші компонент) вакцинасын алғаннан кейін 30 минуттық бақылау кезінде оның ұстамасы басталған.

Ол бірінші компонентті 2021 жылдың 5 маусымында салдырған. Әйелдің жалпы жағдайы қанағаттанарлық болды, шағымдар, температура болмады, вакцинацияға ерікті түрде келісім берді, ал бұрын тұрғылықты жері бойынша невропатологта эпилепсиямен есепте тұрғанын жасырды. Анамнез жинау кезінде 2010 жылы оның эпилепсиямен ауырғаны анықталды, оған байланысты ол тексеруден өтіп, тұрғылықты жері бойынша невропатологта емделген. Оның айтуынша, кейін мұндай жағдай қайталанбаған, - делінген хабарламада.

Әйелге пункттің медицина қызметкерлері шұғыл медициналық көмек көрсетіп, кейін оны ТШО клиникасына жеткізген. Онда ол 4 шілдеге дейін дәрігердің бақылауында болды.