Прямая трансляция

Астана

Астана

15.03°C

Оралда үш жаңа мектеп салынбақ

Оралда алдағы оқу жылында ресми тілде сабақ беретін білім ұяларында ата-аналардың сұранысымен қазақ сыныптарын ашылу жоспарлануда.

Оралда үш жаңа мектеп салынбақ
Фото: Жұбан Мұрат

Атап айтқанда, №16 меткеп былтыр дайындық тобын ашса, биыл оған қоса, 1, 2, 3, 4-сыныптарға оқушыларды қабылдамақ. Сонымен қатар орыс тілінде оқытатын №23, 24, 32, 39 және Вальдорф бағытындағы мектептерде мемлекеттік тілде дайындық және 1-сынып сыныптар ашылмақшы.

Бүгінгі таңда Орал қалалық білім беру бөліміне бағынысты 51 жалпы білім беру және 1 кешкі мектептер бар. 51 мектептің  49-ы - орта, екеуі – негізгі мектеп. Білім мекемелерінде сабақ қазақ, орыс және қазақ-орыс тілдерінде оқыталады. 2018 жылы қазақ тілінде білім беретін 23 мектеп болған болса, қазіргі уақытта 25 мектепке  жетті.  Орысша оқытатын мектептер саны – 12.

Орал қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары Айтжан Дауымованың мәліметінше, жыл сайын оқушылар саны 3-3,5 мың оқушыға көбеюіне байланысты мектептер тарлық етуде. Қазіргі уақытта қалдағы екі мектеп қана бір ауысыммен білім береді. Бұрын бір ауысымда болған мектеп-лицейлер де шағынаудандағы балаларды қамту мақсатында жай сыныптар ашып, екі ауысымда оқытуға көшті. Ал №18, №20, №30 білім беру ұялары әлі де үш ауысымда қалып отыр. Осы үш ауысымдылық режимді жою үшін жақын аралықта қаланың Зашаған кентінен үш нысанның құрылысы жоспарлануда. Яғни Бортаудағы №18 мектептің орнына жаңа 400 орындық, «Балалар ауылы» ауданынан 900 орынға есептелген №52 және «Болашақ» шағынауданында 900 орынға №53 мектептер салынбақшы.

Жұбан МҰРАТ,

Орал қаласы