Прямая трансляция

Астана

Астана

9°C

«Павлодарлық арыстан» иесімен кездесті

Қарағанды хайуанаттар бағында «Павлодарлық арыстан» деген атпен көпке танымал болған аң патшасы өз иесімен жүздесті.

«Павлодарлық арыстан» иесімен кездесті
yandex.kz

Аң мен қожайыны бірін бірі сағынып қалғаны бейнежазбада анық көрінеді. Арыстан иесін екі апта бойы көрмеген.

Ол сот шешімі бойынша 14 күнге Қарағанды зоопаркіндегі карантиндік аймақта болған еді. Арыстанның халықаралық ветеринарлық паспорты болғанымен, иесінің түз тағысын елге әкелуге рұқсаты болмаған көрінеді.

О баста Даниял Смағұлов есімді азамат Владивосток қаласының хайуанаттар бағында ауырып жатқан жерінен алған.

Павлодарлық азамат оны күтіп-баптап, аяғына тұрғызған.Ол алдағы уақытта Симба есімді арыстанның күшігін үйінде асырауға рұқсат аларына сенімді.