Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Түркістанда көлік жүргізушісі полицейдің погонын жұлып, өз көлігін өртеп жіберді (ВИДЕО)

Тәртіп сақшысы өзін таныстырып, тоқтатқан себебін айтып, хаттама толтыра бастаған.

Түркістанда көлік жүргізушісі полицейдің погонын жұлып, өз көлігін өртеп жіберді (ВИДЕО)
фото: видеодан скриншот

Түркістанда көлік жүргізушісі полицейге қарсылық танытып, былапыт сөздер айтып, өз автокөлігін өртеп жіберді. Қазірде ер адамға қатысты тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр деп хабарлайды Paryz.kz, облыстық Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Полиция лейтенанты патрульдеу кезінде Түркістан көшелерінің бірінде мемлекеттік нөмірсіз кетіп бара жатқан "ВАЗ-2106" автокөлігінің жүргізушісін тоқтатқан. Тәртіп сақшысы өзін таныстырып, тоқтатқан себебін айтып, хаттама толтыра бастаған. Алайда жүргізуші автокөлігінің кілтін беруден бас тартады. Нәтижесінде, полицей эвакуатор шақыртқан. Істің бұлайша өрбуі көлік жүргізушісінің ашуына тиген көрінеді. Ашуға булыққан ол құқық қорғау қызметкерін балағаттап, тіпті өзінің көлігіне өрт қойған. Артынша лейтенантқа тұра ұмтылып, оның иығындағы погондарын жұлып тастаған. Оқиға полицей қызметкерінің видеожетонына жазылып қалған. Жүргізуші бөлімшеге жеткізілді. Бөлімшеде оның жұмыссыз екені анықталды.

Азаматқа қатысты билік өкіліне қарсылық танытып, балағаттағаны үшін қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда тергеу жұмыстары жүргізілуде. Зардап шеккен тарапқа сот-медициналық сараптама тағайындалған.