Айтыскер ақын вакцина салдырмағандарға 500 баспана сыйламақшы

Сондай-ақ ақын «Аманат Хоумға» енді Балғынбектің жарнамасы керек емес екенін айтты.

Айтыскер ақын вакцина салдырмағандарға 500 баспана сыйламақшы
фото: ашық дереккөз

Айтыскер ақын Балғынбек Имашев өзінен көмек қолын сұрайтын жандар үшін, вакцина салыңдар деп жар салмағандар үшін баспана алудың шарттарын алдағы күндері жариялайтынын айтты деп хабарлайды Paryz.kz.  

Ассәләмуғәләйкум, ардақты Алаш жұрты!
Көп адамдар жекеме хат жазып мәжбүрлі, міндетті вакцинация туралы неге жазбайсыз дейді...
Көп адамдар «Аманат Хоум» туралы посттарыңызды неге алып тастадыңыз, неге жарнамалауды тоқтаттыңыз дейді...
Көп адамдар көмек сұрап, алғашқы 35% жарна салуға ақшамыз жоқ, «Аманат Хоум» арқылы тегін үй алып беріңізші дейді...
Көп адамдар...

Иә, Мен жалғызбын! Бірақ менің барлық құлдарына қамқорлығы жетіп артылатын ЖАЛҒЫЗ, ӨТЕ ҚҰДІРЕТТІ, МЕЙІРІМДІ РАББЫМ бар!
Мәжбүрлі вакцинацияға қарсы мен ештеңе жасай алмаймын!
Өйткені, оның жарнамасы да, ұялы телефон, ақша, көлік, тіпті, пәтер тігіп елді тарту, қызықтыру, қала берді қорқыту, міндеттеу, қоқан-лоққы жасау сияқты түрлі насихаты мен нақты әрекеттері жаппай белең алып кетті. Бірақ мен де қарап жатпайын, қайырымдылық қорын ашайын! Қазағым үшін әрекет етейін!

Алла бұйыртса, ҰТЫС жариялаймын!
Вакцина алмағандар үшін!
Алыңдар деп желіге салмағандар үшін!
Көгілдір, лесби, транс болмағандар үшін!
«Қазақстан Ата-аналар одағын» қолдағандар үшін!
Балғынбектен 500 баспана!
Бес емес, бес жүз!
Ұтыстың шарттарын алдағы уақытта жариялаймын! - деді ол. 

Сондай-ақ ақын «Аманат Хоумға» енді Балғынбектің жарнамасы керек емес екенін айтты.

Мен екпеге, бетпердеге, ЛГБТ-ға қарсы постар жазған соң «Аманат Хоумға» зияным тиіп кетпесін деп шештім. Қанша дегенмен, 4 мыңнан астам салымшының обалына қалмайын. Бұйыртса, сіздермен біргемін! - деп жазды Балғынбек Имашев желідегі парақшасында.