Прямая трансляция

Астана

Астана

-2.03°C

Нұр-Сұлтан әкімдігінің тұрғын үйге қатысты былыққа қатысы бар ма?..

Олар алаяқтық бүтіндей бір жүйеге айналған дейді.

Нұр-Сұлтан әкімдігінің тұрғын үйге қатысты былыққа қатысы бар ма?..
фото: egemen.kz

Елордадағы 15 тұрғын-үй құрылыс кооперативінің төрағалары қалалық прокуратураны жағалап жүр. Олар мекеме басшысы Бауыржан Мырзакеровтың тілдесуге шығуын талап етті. Төрағалар шендіден дәлелі болмаса, алаяқтық бабы бойынша неліктен іс қозғалғанын сұрамақшы деп хабарлайды Paryz.kz, "Еуразия" бірінші телеарнасына сілтеме жасап. 

Ал 15 маманды айыптағандар айғақтардың бар екенін айтады. Жиналғандардың ортасына елорданың бас прокуроры шықты ма? Бұл айғай-шуға қалалық әкімдік пен "Елорда құрылыс" компаниясының не қатысы бар?

Қалалық прокуратура қызметкерлерінің немқұрайлығын айтып тұрған Баян Қоржынбаева. Азаматша елордадағы проблемалы көпқабатты нысанда тұрғын-үй құрылысы кооперативіне төрағалық етеді. Ол өзіндей тағы 14 әріптесінің үстінен қалалық прокуратура нақақтан нақақ іс қозғаған дейді.

 

Биыл жеке шаршы метрлерін заңдастыра алмағандарға көмектесу үшін "Баспана Альянс" атты қоғамдық бірлестік құрылған еді. Міне, сондағы үлкскерлер бізді сотқа берді. 14 төрағаны. Тұрғын-үй құрылысы кооперативінде басқаруда алаяқтық жасадыңдар дейді, - деді Тұрғын үй-құрылыс кооперативінің төрағасы Баян Қоржынбаева.

 

Алаяқтық жасады деп істі болып жатқандардың тағы бірі Көкталдағы проблемалы тұрғын-үй кооперативінің басшысы Владимир Заворыкин. Арыз түсіргендер оны қомақты қаржыны қолды қылды деп көрсеткен.

Билік пен құзырлы органдарға "Баспана Альянс" атынан жазылған мына хатта бізге жала жапқан. Осы қағазда мен нысанда тұрғын-үй құрылысы кооперативі есеп-шотынан 5-8 миллион теңге алдым, соған көлік сатып алып, дүкендер ашқаным келтірілген. Бірақ, бұл өтірік. Оны тексерсе де болады, - дейді Тұрғын үй-құрылыс кооперативінің төрағасы Владимир Заворыкин.

Төрағалар жаланы тексермей, прокуратураның істі қарағанына наразы. Сондықтан мекеме басшысы қадағалаушы орган басшысы Бауыржан Мырзакеровтың шығуын талап еткен еді. Алайда, шенді кездесуге ниет білдірмей, бір топ төраға Президент әкімшілігіне барды.

Заңсыз істі болдық деген 15 төрағаның наз-шағымын қалалық прокуратура мамандары тыңдаған жоқ. Өкінішке қарай, ешкім шыққан да жоқ. Сондықтан мына менің артымдағы кісілер Президент әкімшілігіне келіп тұр. Оларды арнайы мамандар шыққанда, бүкіл ойын соларға жеткізбеші.

Бұл кездесудің немен аяқталғаны белгісіз. Есесіне, 15 маманды айыптаған "Баспана Альянс" қоғамдық бірлестік өкілдерімен кездестік. Олар алаяқтық бүтіндей бір жүйеге айналған дейді.

Мына өтірік, өздері билікке қолдары жеткен председательдер ойларына келгенін істеп акиматтың адамдарымен "көз қысты, бармақ бастының" керін жасап отыр. Біз сол үшін әділдікке жете алмай жүрміз. Міне, мен өзім 6 ай осы "Баспан Альянсқа" кірдік, амалсыздан, - дейді "Баспана Альянс" бірлестігінің өкілі Ернұр Әзімбаев.
Төрағалар адамдардан заңсыз ақша жинап, ұнамағандарды кооператив құрамынан шығарып жатады. Құрылыс сапасы да алаңдатады. Сондай-ақ, адамдар арнайы хат жазған болатын. Онда қалалық әкімдіктің кейбір шенеуніктері мен "Елорда құрылыс" компаниясының кейбір өкілдері төрағалармен ауыз жаласқан деп санайды, - дейді "Баспана Альянс" қоғамдық бірлестігінің ресми өкілі Құралай Садықова.

 

Бірақ "Елорда құрылыс" компаниясындағылар мұны жоққа шығарды.

 

"Баспана Альянс" қоғамдық бірлестігінің "Елорда құрылыс компаниясының" ЖШС қатысты мәлімдемесінде айтылған ақпарат шындыққа жанаспайтынын атап өткіміз келеді. "Елорда құрылыс компаниясы" ЖШС өз қызметін ҚР қолданыстағы заңнамасынасына сәйкес іске асырады, - дейді "Елорда құрылыс" компаниясының баспасөз хатшысы Жанетта Абдильдина.

 

Дегенмен құрамында проблемалы 23 тұрғын үй кешені бар бірлестіктегілер төрағаларды тақтан тайдырмай қоймаймыз дейді. Ал істі болғандар оңай берілмек емес.