Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионын жекпе-жекке шақырды

Қазақстандық боксшы орта дивизионда әлемнің бұрынғы чемпионы америкалық Роб Брантты (26-3, 18 КО) жеңгеннен кейін осындай мәлімдеме жасады. 

Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионын жекпе-жекке шақырды
фото: express-k.kz

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (10-0, 6 КО) орта салмақта WBO чемпионы америкалық Деметриус Андрадені (30-0, 18 КО) жекпе-жекке тағы шақырды деп хабарлайды Paryz.kz, Vesti.kz-ке сілтеме жасап. 

Андраде, қазір сен солақайлармен жаттығып, спарринг өткізіп жүрсің-ау. 100 пайызға дайын бол. Сені бірінші раундта нокаутқа түсіргім келмейді. Көреремендер Qazaq Style-дан ләззат алсын. Мен сені 7 не 8-ші раундта сұлатамын. Сені жеңемін және сен оны білесің, - деп жазған Жәнібек твиттер парақшасында. 

Қазақстандық боксшы орта дивизионда әлемнің бұрынғы чемпионы америкалық Роб Брантты (26-3, 18 КО) жеңгеннен кейін осындай мәлімдеме жасады. 

Жәнібек Әлімханұлы әуесқой бокста әлем, азия, азия ойындарын жеңіп алған. 2016 жылыдың қазан айында кәсіпқой боксқа ауысты. WBO Global және WBC Contnental Americas тұжырымы бойынша екі чемпиондық белбеудің иегері. BoxRec рейтингісінде 10-орында.