Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Түркістандағы "Керуен сарайдың" енді төбесі опырылып түсті (ВИДЕО)

Бұл көрініске қатысты Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов түсініктеме берді. 

Түркістандағы "Керуен сарайдың" енді төбесі опырылып түсті (ВИДЕО)
фото: видеодан скриншот

Түркістандағы "Керуен-сарай" төнірегінде тағы да шу шықты. Нысанның енді төбесі құлап жатыр. Жергілікті тұрғындар бұл жағдайды видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жариялап жіберген деп хабарлайды Paryz.kz.  

Бұл көрініске қатысты Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов түсініктеме берді. 

Тағы оқи отырыңыз: "Пенопласттан салынған": Түркістандағы "Керуен сарай" қирап жатыр

Желілерде Түркістандағы Керуен-сарай аркаларының бірінің төбесі құлағаны туралы видео таратылуда. Нысан басшылығының өтініші бойынша келушілердің қауіпсіздігін сақтай отырып, жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Әлеуметтік желі пайдаланушыларынан жалған ақпарат таратпауды сұраймын. Нысан жеке инвестициялар есебінен салынғанын еске салайын. Құрылыстың сапасына инвестор жауап береді, – деді ол Facebook-парақшасында.