Қостанайда құс еті өтпей тұр

Сауда сөрелеріндегі өнімді алушылар қатары аз, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қостанайда құс еті өтпей тұр
24.kz

Қазір қаз бен үйрек етін базардан да таппайсың. Соңғы он күнде мұндай өнім түрі 30-40 процентке азайып кетті дейді базар әкімшілігі. Меңдіқара ауданының Красная Пресня ауылында тұратын Руселбаевтар отбасы бес-алты жылдан бері құс өсірумен кәсіби тұрғыда айналысады. Өздері инкубаторда жұмыртқа бастырып, балапан шығарады. Сосын жаз бойы бағып-күтіп, күз ортасынан ауа етін өткізетін. Ал биыл оның бәрі құрдымға кетті. Кенеттен келген кеселден 1500 бас құсының барлығы дерлік қырылып қалды.  

Әдетте қала базарына келіп қаз, үйрек сататын ауылдықтарды қазір көрмейсің. Оларға бөлінген орын бос тұр. Базар ішіндегі құс етін сататын қатарда да тұтынушылар сирек. Тіпті жоқ десе болады.

Сауда орындарына әкелінетін құс етінің көлемі де күрт төмендеп кеткен.

Ал облыста құс тұмауынан қырылған қанаттылардың саны күн сайын көбейіп барады. Ресми мәлімет бойынша соңғы тәулікте өңірде тағы 51 мың 300-ден астам құс өлген. Сөйтіп жалпы шығын көлемі 163 мыңға жетті.