30.06.2021, 15:45

Алматы облысында вакцина тиеген көлік жол апатына ұшырады

фото: ашық дереккөз

Флакондардың ішінде «ГамКовид-Вак» вакцинасының 11 945 дозасы болған.

«Спутник V» вакцинасының мыңдаған флаконы Алматыдан Талдықорғанға тасымалдау кезінде сынып қалды. Вакцинаны апара жатқан көлік жол апатына ұшыраған деп хабарлады Paryz.kz

Флакондардың ішінде «ГамКовид-Вак» вакцинасының 11 945 дозасы болған.

Денсаулық сақтау министрлігі флакондардың шынымен де тасымалдау кезінде жол-көлік оқиғасы салдарынан сынып қалғанын растады.