Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Қазақстанда 4 700-ге жуық азаматтың жеке құжаты жоқ екен (ВИДЕО)

Ал Қазақстанда Қытай азаматтығымен жүргендердің 99 пайызы этникалық қазақтар екен.

Қазақстанда 4 700-ге жуық азаматтың жеке құжаты жоқ екен (ВИДЕО)
фото: ашық дереккөз

Республикада 4 700-ге жуық азаматтың жеке басын куәландыратын құжаты жоқ болып шықты. Көші-қон комитетінің мәліметінше, олардың басым бөлігі Алматы, Ақмола, Қарағанды, Жамбыл және Түркістан облыстарының тұрғындары деп хабарлады Paryz.kz, 31-арнаның "Информбюро" жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап. 

Ал Қазақстанда Қытай азаматтығымен жүргендердің 99 пайызы этникалық қазақтар екен. Құқықтық мәртебесі реттелмеген тұлғаларды құжаттандыру науқаны өткен жылдың қазан айында басталған. Содан бері үш мыңнан астам адамның құжаты берілген. Оның ішінде 1974 жылғы Кеңес одағының қызыл паспортымен жүрген 1 800-ге жуық азамат бар.

Елге келген әрбір шетел азаматы қатаң бақылауда. Әсіресе, көршілес елдерден келген азаматтар. Ал нақты Қытай азаматтарын алатын болсақ, олардың 99 пайызы – біздің қандастарымыз, яғни этникалық қазақтар, – дейді ІІМ Көші-қон комитеті төрағасының орынбасары Сабыржан Сейітжанов.