"Жұмысқа таксимен келемін": Көлгіновтің көлігі жоқ па?..

"Бұл ешқандай көзбояушылық емес..."

"Жұмысқа таксимен келемін": Көлгіновтің көлігі жоқ па?..
фото: ашық дереккөз

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында Нұр-Сұлтан қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы берген есебінде жұмысқа таксимен келетінін айтты деп хабарлайды Paryz.kz, Stan.kz-ке сілтеме жасап. 

Біз бірнеше жыл бұрын жұмысқа қызметтік көлікпен емес, таксимен келу туралы шешімге келген болатынбыз. Бүгінде де біз бұл шешімді өзгерткен жоқпыз. Әкімдікпен жұмыс жасайтын такси қызметі бар. Бұл ешқандай көзбояушылық емес. Әкімдер, басқарма басшылары, олардың орынбасарлары да такси қызметін пайдаланады. Мен Toyota Camry маркалы көлік мініп жүрмін. Менің орынбасарларым да Қазақстанда шығарылған көлік мінеді. Осы такси қызметіндегі көліктермен күнделікті жұмысқа барып келеміз, - дейді Көлгінов.