Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Діни экстремизмге шалдыққан адамда көп өзгеріс пайда болады

Діни экстремизм мемлекет пен қоғамға қауіп төндіретіні белгілі. Әлемдік деңгейде, ел аумағынан  оған мысал көп. Алматы қаласы  Дін істері жөніндегі басқарма қарапайым халықты сол қауіптен сақтандыру үшін жан-жақты іс-шаралар ұйымдастырып, түрлі жұмыстар жүргізіп келеді. Қала халқы теріс діни ағымдардың арбауына ілінбесе, деструктивті топтардың тұзағына түспесе, қоғам тыныш, мемлекет алаңсыз болар еді.

Діни экстремизмге шалдыққан адамда көп өзгеріс пайда болады
Фото: Islam.kz

Сақтансаң, сақтаймын деген сөз бар. Үнемі сергек жүрмесе болмайды. Діни экстремизмді діттегендендер үшін  жайбарақаттық  тиімді. Олар құрбандығын зерттеп, ұрымтал тұстан байқатпай келетіні сонша, жат ағымның сойылын соғып, солардың сөзін сөйлеп кеткенін әлгі адам өзі де білмей қалады. Сондықтан діни экстремизмнің белгілерін зерттеуші  мамандардың көмегімен анықтап айтып, нақтылап жазып өткенді жөн көріп отырмыз. Оқырман қауым сол белгілерге назар салып, мән берсе, біршама қауіптің алдын алар едік. 

Сонымен діни экстремизм дегеніміз – шектен тыс радикалданған  діни фанаттық көзқарас және қоғам мен мемлекетті осы қатаң фанатизм көзқарас негізінде өзгертуге ұмтылу идеологиясы десек болады. Олар дүниені ақ пен қараға ғана бөледі де мейірімділік пен зұлымдық, ақиқат пен адасу, өздері мен дұшпандары арасындағы күрес деп қана қарайды және мінез-құлық, әрекеттерінде қатты өзгешелік болады. Айталық адамдар арасында іріткі салу, бір-біріне қарсы қойып, дұшпандық, жаулықты арттыру. Сонымен қатар діни экстремизмнің бұдан басқа да жан-жақты қырлары мен аспектілерін атап өтуге болатынын айтады теолог-ғалым Гүлнар Жақанқызы.  – Діни экстремизмнің идеологиясына шалдыққандарды қоғам мен мемлекетті зақымдаушы әлеуметтік психологиялық сырқат деп те қарастыруға болады. Олар өздерін әділетсіздікпен күресіп жүрміз деп есептейді. Реніш пен өкпе арқалап жүреді. Адамдарды бөледі. Кемсітушілік танытады. Бұдан басқа да көзге оғаш көрініп тұратын ерекшеліктері көп. Соның тағы бірнешеуіне тоқталып өтейін. Олар адамдардар арасына ірткі салады, басқа дін ұстанушыларға жеккөрушілік сезіммен қарайды, шыдамсыздық танытады. Интеллектуализмге қарсы тұрады. Өздерінің сенімінен басқаларға мүлде  дұрыс емес деп қарайды. Тек өз дегендерін ғана дұрыс көріп, сол жолда кез келген қатігездікке бара алады. Адам өлтіруден еш тайынбайды. Соқыр сеніммен өзгені де, өзін де өлімге қия алады. Сонымен қатарсекталықты дамытады – дейді маман.  Осы жерде қоса кететін жайт, секталық деген ұғым тіпті қорқынышты нәрсе. Сектаға кірген адам өзінің билігінен, өзінше ойлаудан айрылады, отбасынан, жақындардан оқшауланады. Қоғамнан алыстайды. Бұл тұрғыдан да теолог маманның ойы оқырман қауымға ой саларына сенімдіміз. Гүлнар Жақанқызы: – діни экстремизим утопияға алып келеді –  дейді.  – Ешқашан орындалмайтын соқыр сенімге берілгендер олар. Жұмақ, жиһад немесе жер бетіндегі патшалық, халифат деген сияқты не құранға сәйкес келмейтін, не адами ойға үйлеспейтін бірдеңелерді ойдан құрап, соған сеніп алған. Сондай-ақ олар ұлттық ерекшелік дегенге өшпенділікпен қарайды. Ұлттық ерекшеліктерге, дәстүр-салтқа түбегейлі қарсы. Діни экстремизм – зайырлы қоғамның принциптерін жат көреді. Заңға бағынбайды. Демократия дегенді түсінбейді. Адам бостандығы, адам құқығы дегенді білмейді. Мемлекеттік конституцияны жоққа шығарады. Зайырлы қоғамдағы білім жүйесін мойындамайды. Этнос, ұлт өкілі дегенге көзқарасы тіпті сорақы. 

Жоғарыда Гүлнар Жақанқызы діни экстремизмнің көріністеріне байланысты айтқанда, экстремистерді әлеуметтік психолгиялық дертке шалдыққандар деп атап көрсеткен болатын. Оны қалай түсінуге болады? Олардың ұстанымдары мен әдеттерінен психикалық сырқаттың синдромдарын байқауға болады. Гүлнар Жақанқызының айтуынша ол синдромдарды қалыпты қарым-қатынастың бұзылуынан, күнделікті мәдени өмір сүру қалпынан бас тартуынан, көзқарасының мүлде басқа жаққа өзгеруінен көруге болады дейді. Басқаның пікір-көзқарасына агрессия танытатыны діни экстремистің белгісі екен. Ол өзінің ғана пікрін, көзқарасын құп көреді. Басқалар да дәл өзі сияқты ойлауын талап етеді. Осылайша өзін ұстаз тұтатын синдром пайда болады екен және күнделікті қалыпты өмір ол үшін еш қызық емес екен. Сондай-ақ оны жақындарының, туыстарының, отбасының өмірі еш қызықтырмайды. Оларға ешқандай жылулық танытпайды. Тура бір бөтен, жат адамдай қылық танытады. Оқуға, жұмысқа құлқы болмайды.  Негізгі уақытын діни кітаптар оқуға, мезгілсіз, шамадан тыс құлшылық жасауға көшеді екен. – Бұдан басқа да – дейді – Гүлнар Жақанқызы – діни экстремизмге шалдыққан сырқаттың киімге, тағамға көзқарасы өзгереді, анығында өзгертеді. Күнделікті айналысатын шаруаларында да өзгеріс пайда болады.Мінез-құлығында қатты өзгеріс болады. Адекватты емес мінездер пайда болады. Мінезінде агрессия пайда болады. Күнделікті тұрмыстық жағдайларға, тұрмыстық заттарға деген қарым-қатынасы өзегреді. Жалпы айтқанда тұтас өмір сүру қалпы өзгереді. Бұрынғы достарымен, әріптестерімен, туыстарымен қарым-қатынасты үзеді. Жаңа қоңыраулар, жаңа кездесулер, сапарлар пайда  бола бастайды. Ел ішінде, шетелге шығатын сапарларды байқай бастайсыз. Ең басты байқалатын нәрсе –  ақша-қаражат көбейетіндігі. Істеп жүрген жұмыстарын тоқтанқанымен, ақшаның көбейуі күмәнді емес пе?!  Бұл айтып отырған тұжырым көптеген зерттеулерден кейін жасалып отыр. Мәселен ҚР Бас прокуратурасындағы эстремизм мен террроризмге байланысты қаралған қылмыстардың нәтижесінде діни экстремистің прортретін біз осылайша беріп отырмыз»-деп түйді сөзін Гүлнар Жақанқызы.   

Иә, дәйек-дәлелсіз сөйлеуге болмайды. Кез келген нәрсеге факті керек. Теолог-маман көп ізденістің нәтижесінде діни экстремистің портретін жасап беріп отыр. Бұған бәріміз де мән беруге тиіспіз. Сақтансаң сақтаймын дегенді мақала басында бекер айтқан жоқпыз. Еге сақтық болмаса, ел тыныштығы бұзылады, қоғамда дүрбелең туады. Сондықтан әр адамның амандығы мемлекет үшін маңызды. Сақ болайық! Сақтанайық! 

                                Еділ АНЫҚБАЙ