Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Азық-түлік шығыны бір жылда 6%-ға өскен

Алкогольді ішімдіктерге шығын 14,4%-ға немесе 1,3 мың теңгеге дейін азайған. 

Азық-түлік шығыны бір жылда 6%-ға өскен
фото: ашық дереккөз

Елімізде азық-түлік шығыны бір жылда шамамен 6%-ға өскен деп хабарлайды Paryz.kz, finprom.kz-ке сілтеме жасап. 

2021 жылғы бірінші тоқсанда халықтың азық-түлік тауарларына шығыны жан басына шаққанда 96,7 мың теңге болды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда құндық мәнде 4,6%-ға артық.

Алматы тұрғындары азық-түлікке ең көп ақша жұмсаған: 127,2 мың теңге, бір жылда минус 4,2%.

Сондай-ақ Павлодар (117,1 мың теңге, бір жылда плюс 18,1%) және Шығыс Қазақстан (116,5 мың теңге, бір жылда плюс 5,3%) облыстарының тұрғындары да азық-түлікке табысының айтарлықтай бөлігін жұмсаған. 

Азық-түлік тауарларына ең төменгі шығын Шымкентте тіркелген: 72,1 мың теңге, плюс 11,2%. Сектордағы шығынның ең үлкен жылдық өсімі Жамбыл облысында: 88,7 мың теңге, плюс 18,6%.

Солтүстік Қазақстан облысы азық-түлікке шығынды айтарлықтай азайтқан (өткен жылмен салыстырғанда): 83,5 мың теңге, минус 7,8%. Сектордағы шығынның басым бөлігі тікелей тамақ өнімдері мен алкогольсіз сусындар үлесінде: 90,2 мың теңге, өткен жылмен салыстырғанда 5,5%-ға артық.

Тағы 2,6 мың теңге (плюс 0,9%) темекі өнімдері, 2,4 мың теңге (минус 9,5%) – үйден тыс жерде тамақтану шығының үлесінде. Алкогольді ішімдіктерге шығын 14,4%-ға немесе 1,3 мың теңгеге дейін азайған. Азық-түлік және алкогольсіз сусындар санаты бойынша шығынның үштен бір бөлігі ет және ет өнімдерін сатып алуға жұмсалған: 31,2 мың теңге, өткен жылмен салыстырғанда құндық мәнде 1,9%-ға артық. Нан және жарма өнімдеріне (14,3 мың теңге, плюс 12,4%), сүт өнімдеріне (9,6 мың теңге, плюс 10,4%) шығын едәуір артқан. Ел тұрғындары жұмыртқаға көп ақша жұмсаған: 37,1% немесе 2,1 мың теңге. Қант, кондитерлік өнімдер мен тәттілерге шығын: 0,2%-ға немесе 5,8 мың теңгеге қысқарды.