Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Жәрмеңкеде баға төмен

Оралда ауыл шаруашылығы тауарларының жәрмеңкесі өтті. 

Жәрмеңкеде баға төмен

Мұндай жәрмеңкелерді өткізу тұрғындарға азық-түлік өнімдерін нарықтағыдан төмен бағамен сатып алуға мүмкіндік беретіні белгілі. Бір апта бұрын ұйымдастырылған жәрмеңкемен салыстырғанда бұл жолы азық-түлік бағасының орта есеппен 15-20% - ға төмендеуі байқалды.  


Қала және аудандардан 50-ден астам шаруашылық субъектісі, өңдеуші кәсіпорын және ірі көтерме жеткізушілер қатысқан жәрменкеде сауда орындары ақысыз берілді. Бұл бағаның төмендеуіне әсер еткені анық. Сөйтіп жоғары сұрыпты ұн келісінің бағасы 167, күнбағыс майының литрі 720, картоп – 170, жұмыртқа – 150, қияр - 60 теңгеден болды. Шаруа қожалықтары сөрелеріне сүт, май, қымыз, бал, құс еті және басқа да өнімдері қойылды. Нәтижесінде 24 мың дана жұмыртқа, 40 тонна картоп, 10 тонна пияз, 20 тонна қияр, 3 тонна қызанақ, 2 тонна шұжық өнімдері және басқа да ауыл шаруашылығы тауарлары сатылды.

Оралдықтар жәрмеңкенің қайта жандануы негізінде азық-түлік бағаның төмендеуіне орай риза болып тарқасты.

 

Жұбан МҰРАТ,

Орал қаласы