Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Қарағандыда жекеменшік балабақшалар жабылуы мүмкін

Ал қарағандылық жекеменшік балабақша иелері «мемлекеттік-жекеменшік әріптестік туралы заңға өзгеріс енгізу керек» дейді, хабарлайды «Хабар 24».

Қарағандыда жекеменшік балабақшалар жабылуы мүмкін
mail.kz

Айтуынша, пандемия секілді күтпеген төтенше жағдай кезінде қаржыландырудың басқа тетіктерін қарастырған жөн. Өйтпеген жағдайда банкротқа ұшырап, бөбекжайлардың жабылып қалу қаупі бар.

Мәселен, карантин кезінде балабақшалар жұмысы 5 айға тоқтап қалған. Тиісінше табыс та кеміген. Бірақ соған қарамастан еңбекшілердің жалақысы толығымен төленіп отырған. Ал ғимаратқа кететін шығындарға ешқандай жеңілдік жасалмапты.

Кәсіпкерлер бұл тығырықтан шығу үшін тіпті балаларға білім мен тәрбие берудің жаңа әдістемесін ойлап тауып, оны өзге мемлекеттегі әріптестеріне сатып жатыр екен.

«Қыркүйектен бастап бізге тек по факту, келген балаларға ғана субсидия төленеді. Егер бұған дейін мысалы, бізге 17 миллион ақша келсе, қыркүйектен бастап 10 миллион ғана ақша келеді деген сөз. Оның 9 миллион жалақыға кетеді, әр жағында бізге аренда, комуслугиге қалмай тұр», - деп айтты кәсіпкер Айнагүл Хамитова.