Жәнібек Әлімханұлы экс-чемпионды сұлатып түсірді (ВИДЕО)

Айта кетерлігі, 6-раундта ол қарсыласын нокдаунға түсірді.

Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой бокстағы оныншы жекпе-жегін өткізіп, жеңіске жетті деп хабарлайды Paryz.kz

АҚШ-тың Лас-Вегас қаласындағы бокс кешінде ол америкалық Роб Брантпен қолғап түйістірді. Қарсыласы - WBA нұсқасы бойынша орта салмақта әлемнің экс-чемпионы. Жекпе-жек 10 раундқа жоспарланған еді. Алайда 8-раундтан кейін Роб Брант рингке шығудан бас тартты. Осылайша, қазақстандық боксшы жеңіске жетті.

Айта кетерлігі, 6-раундта ол қарсыласын нокдаунға түсірді. Жәнібек Әлімханұлы өзінің кәсіби бокстағы оныншы жеңісіне қол жеткізді. Ал Роб Брант үшінші мәрте жеңілді.