Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

«Нұр-Сұлтан 1» теміржол вокзалындағы тұрақ платформасы жаңартылды

28 қыркүйектен бастап «Нұр-Сұлтан 1» теміржол вокзал алаңындағы (ескі вокзал) тұрақта жаңартылған платформа іске қосылады.

«Нұр-Сұлтан 1» теміржол вокзалындағы тұрақ платформасы жаңартылды
mail.kz

Жаңартылған тұрақ платформасы пайдаланушыларды тұрақ аумағына кіру, ақы төлеу және одан шығу сияқты қажетті қызметтер кешенімен қамтамасыз етеді.

Тұрақ үшін төлемді енді паркоматтан бөлек басқа да тәсілдермен орындауға болады. Мәселен:

Мобильдік қоса, сайт, касса, Qiwi и Kaspi.kz. Арнайы kz мобильді қосымшасы дайындалып, іске қосылды (App Store және Google play).nsparking.kz ресми сайты жасалды. kzсайтындағы жеке кабинет және nsparking.kz мобильді қосымша арқылы пайдаланушы көлік құралының мемлекеттік нөмірі бойынша немесе тұрақ картасының нөмірі бойынша өзі үшін де және басқа пайдаланушы үшін де төлем жасай алады.

Жеке шотын толықтырады, тұрақ қызметі, қолданыстағы тарифтер туралы ақпарат алады, төлемдер мен тұрақ сессияларының тарихын қадағалайды. Сондай-ақ тұрақ бағдарламасы Qiwi және Kaspi.kz төлем жүйелерімен біріктірілген.

Теміржол вокзалы ғимаратында QIWI терминалдары арқылы төлеуге болады, онда басты экранға nsparking.kz орналастырылған. Төлем жасау үшін пайдаланушыға көлік құралының мемлекеттік нөмірін немесе тұрақ картасының нөмірін енгізу қажет.  Дербес шотты nsparking.kz қосымша арқылы толықтыруға болады.

Теміржол вокзалының ғимаратында ақы төлеу паркоматы қойылды.

Тұрақ кеңістігін пайдалану бағасы өзгерген жоқ. Мобильдік қосымшаларда, сайтта және Qiwi терминалдарында төлем жасау мүмкіндігі жоқ пайдаланушылар үшін оператордың тәулік бойы төлем қабылдау орны қарастырылған.

Сұрақтар туындаған жағдайда 24/7 режимінде оператормен байланысуға болады. Ол үшін кіру және шығу бағандарында IP-байланыс құрылғылары орнатылған.

Тұрақ жабдықтары -50 С°дейінгі температурада жұмыс істей алады.

Тұрақ платформасының маңызды жаңалықтарының бірі – көлік құралдарының мемлекеттік тіркеу нөмірлерін тану. Тұрақ пайдаланушылары кіру карталарын бір-бірімен алмастыра алмайды немесе тұрақ уақытын төлемей кете алмайды.