Аталған сомаға Айбек жанармай, коммуналдық қызмет, ұялы байланыс, несие, сияқты шығындарды қоспаған. Ол инфляцияны 7 пайыз деп жүрген Үкіметке мысқылмен қарайтынын айтады.
Нұр-Сұлтан тұрғыны азық-түлік алуға жұмсайтын ақшасын жіктеп айтып берді. Төрт баланың әкесі базардағы азық-түлік бағасына қарап, елорададағы орташа жалақы алатын жандар үшін аштық қаупі туындауы мүмкін деген болжамын жеткізді деп хабарлайды Paryz.kz, NUR.KZ-ке сілтеме жасап.
Айбек - төрт баланың әкесі. Ол Нұр-сұлтан қаласында түнгі такси қызметін атқарады, ал күндіз әйелі жұмыста болғанда балаларына қарайды. Ол бір аптаға мөлшерленген азық-түлікті қаншаға алғанын жіпке тізгендей айтып берді.
"Базарда картоп - 250 теңге, сәбіз - 570 теңге, болгар бұрышы - 250 теңге, пияз - 120 теңге, орамжапырақ - 100 теңге, кәді - 300 теңге, баялды - 300 теңге, қызанақ - 350 теңге, қияр - 300 теңге. Сондай-ақ, көп мөлшерде аскөк алдық. Нәтижесінде көкөніске 30 мың теңге жұмсадық. Ал қалған азық-түлікті супермаркеттен алдық. Күріш, макарон, ұн, сүт, су, жөргек, сыра және ұсақ-түйек. Сонымен, ол жерде тағы 30 мың теңге кетті. Жолдан ет дүкеніне кіріп, 7-8 келі сиыр етін алдым, 20 мың шықты. Міне, көпбалалы отбасының бір аптадағы тамағы осындай. Сонда бізге тамаққа аптасына 80-90 мың кетеді екен", - дейді ол.
Аталған сомаға Айбек жанармай, коммуналдық қызмет, ұялы байланыс, несие, сияқты шығындарды қоспаған. Ол инфляцияны 7 пайыз деп жүрген Үкіметке мысқылмен қарайтынын айтады.
"Базардағы саудагерлер оңтүстік өңірлерде жанармайдың жоқтығынан көкөніс пен жеміс жидек тасымалы тоқтап тұр дейді. Бұл бір халыққа әдейі жасалғандай сезіледі екен", - дейді ол.
Төрт баланың әкесі базардағы азық-түлік бағасына қарап, елорададағы орташа жалақы алатын жандарға аштық қаупі төнуі мүмкін деген болжам жасады.