Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Аида Балаева: БАҚ-тың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қалыптастырудағы еңбегі зор

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының кері байланыс тетігі ретінде қалыптасуында БАҚ-тың рөлі ерекше екенін атады, деп хабарлайды Paryz.kz, ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Аида Балаева: БАҚ-тың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қалыптастырудағы еңбегі зор
фото: inform.kz

«Сіздердің еңбектеріңіздің арқасында Перзидент бастамашы болған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы қазір толығымен қоғамммен кері байланыстың тиімді тетігі ретінде толықтай қалыптасты. Ең бастысы, журналистика келешекте де әрдайым қоғам өмірінде жетекші рөл ойнайды», - деді министр URKER-2021 ұлттық бәйгесінің марапаттау шарасында. А.Балаева БАҚ саласын, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздіктің өзегі ретінде атады.

«Ақпарат кеңістігінің қоғам дамуындағы алатын орны, қосатын үлесі де өте зор. Себебі медиа тек ресми ақпаратты тарататын құрал емес, ұлттық қауіпсіздік пен мемлекеттік идеологияның өзегі екенін үнемі айтып келеміз. Азаматтық қоғамның қарқынды дамуы журналистердің кәсіби және азаматтық белсенділігіне тығыз байланысты. Ендеше осындай ауқымды саланың жүгін арқалап, маңызды міндетті атқарып жүрген журналистер қауымына зор алғысымды білдіргім келеді», - деді Ақпарат және қоғамдық даму министрі.