Журналист жазбасында тәрбие ісі жөніндегі орынбасарға қатысты тағы да арыз-шағымдардың келіп жатқанын жазған.
Түркістан облысы Ордабасы ауданы Бадам ауылындағы мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына қатысты тағы бір видеоны журналист Сәуле Әбілдаханқызы жариялады деп хабарлайды Paryz.kz, Orda.kz-ке сілтеме жасап.
Шерімқұлов атындағы орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болған Ұлжан Елмұратова жол үстінде боқтап, бейәдеп сөйлеуінің себебін «балаларымның өмірі үшін істедім» деп түсіндірген.
Сәуле Әбілдаханқызы жариялаған видеодан оның көлік басқарып келе жатып та боқтағанын және бір көліктің артынан қуып бара жатқанын көруге болады. Журналист жазбасында тәрбие ісі жөніндегі орынбасарға қатысты тағы да арыз-шағымдардың келіп жатқанын жазған.
"Зауыш қатындарыңды қанша ақтап, мені қанша қараласаңдар да, аққа құдай жақ. Зауыштың артынан кеп жатқан қаншама арыз-шағымдар мен видеоларды жарияласам, ол қатындарың түрмеден бір-ақ шығады… бүгіннің өзінде Бадам ауылына шақырып, сол қатын туралы арыз айтамыз деп үш рет звондады… қолым тимей жатыр… қоймайды екенсіңдер, жақын күндері барып ол адамдардың арызын тыңдап, тағы да жариялауға мәжбүрмін… қой дегенде, қойсаңдаршы", – делінген жазбада.
Сонымен қатар бұл видеомен белсенді Айгүл Орынбек бөлісіп, жазба қалдырды.
"Балам 39 темпр-мен ауырып , көлігім перьезде тұрып қалды дегені де өтірік! Халықтың алдына балаларын айтып шықса, халық ерсі әрекетін кешіріп құтылып кетем деп ойлаған шығар ия?
Өзіңнің жаман іс әрекетіңе балаларыңды жамылу ол дұрыс емес!Қасына отырған қызына «телефонға түсір» деп, оларды артынан қуып бара жатқанда көлік аударылып кетсе не болар еді?
Ордабасыдағы Хит болған орынбасар ауылда соңғы екі жылда белсенділікпен айналысып жүрген блогер екен.
Әкімді қорғап, әкім үшін халықпен ұрсып тұрған видеосын көріп шок болып отырмын.
Ордабасы ауданы неге былығып кеткен?, - делінген жазбада.