Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

ДДСҰ балаларға коронавирусқа қарсы вакцина салуға болатынын мәлімдеді

Ұйым балаларды вакциналауға қатысты жалпы ұсынымдар беру үшін COVID-19-ға қарсы түрлі вакциналарды қосымша зерттеу қажет деп санайды. 

ДДСҰ балаларға коронавирусқа қарсы вакцина салуға болатынын мәлімдеді
фото: ашық дереккөз

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жасөспірімдерге COVID-19-ға қарсы вакцина салу мүмкіндігі туралы айтты деп хабарлайды Paryz.kz, Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап.

Ұйымның мәлімдемесінде айтылғандай, COVID-19-ға қарсы вакциналар 18 жастан жоғары адамдардың көбісі үшін, соның ішінде аутоиммундық ауытқуларды қосқанда, кез келген типті ауруы бар адамдар үшін қауіпсіз.

Мұндай жағдайларға гипертония, диабет, астма, өкпе, бауыр және бүйрек аурулары, сондай-ақ бақыланатын кейбір созылмалы инфекциялар кіреді.

"Әдетте балалар мен жасөспірімдер ересектерге қарағанда коронавирустың жеңіл түрімен ауырады. Сол себепті егер олар COVID-19-дың ауыр түріне шалдығатындар тобына жатпаса, оларға вакцина салуға асықпаған жөн. Ең алдымен егде жастағы, созылмалы ауруы бар адамдар мен медицина қызметкерлерін вакциналау қажет", - деп атап өтті ДДСҰ.

Ұйым балаларды вакциналауға қатысты жалпы ұсынымдар беру үшін COVID-19-ға қарсы түрлі вакциналарды қосымша зерттеу қажет деп санайды.

"ДДСҰ сарапшыларының стратегиялық консультативтік тобы (SAGE) Pfizer / BionTech вакцинасын 12 жастан бастап пайдалануға болады деген пайымға келді. Тәуекелі жоғары топқа жататын 12-ден 15 жасқа дейінгі балаларға бұл вакцина басқа басым топтағылармен бірге ұсынылады", - делінген хабарламада.

Вакцинаның балаларға әсерін анықтау жұмыстары жалғасуда және ДДСҰ соның қорытындысына қарай өз ұсынымдарын жаңартады.