Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Нұр-Сұлтанда ер адам аулада ойнап жүрген қыз баланы тепкілеп тастады

Жасөспірімнің анасы полицияға арыз жазған. Әйел қызының бұл отбасыдан зардап шеккен жалғыз адам емес екенін айтады.

Нұр-Сұлтанда ер адам аулада ойнап жүрген қыз баланы тепкілеп тастады
фото: видеодан скриншот

Астана тұрғыны қызын аулада ересек адам ұрып тастағанын мәлімдеді. Әйелдің айтуынша, жанжал жасөспірімдер арасында басталған. Кейіннен бір баланың әкесі қосылған. Ол қызды тепкілей бастаған. Енді зардап шеккен отбасы күдікті жазадан құтылып кетеді деп қорқады деп хабарлайды Paryz.kz, "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

Оқиға аулада болған. Мадина болған жағдайды көзіне жас толып еске алады. Ол әткеншекте отырғанда күтпеген жерден артынан шабуыл жасаған. 

“Бұл қыз менің артымнан шашымды тартты. Мен құлап түстім. Біз жанжалдастық. Ал ағай мені тепкілей бастады. Ол жақындап, тепкілей бастады. Оның қолынан қашып, тезірек жүгірдім”, - дейді жәбірленуші Мадина Арчакова.

Бір кезде қыз есінен танып қалған. Оған далада жүрген адамдар көмектесті. Жасөспірімді үйіне алып барған. 

“Ол көліктен әрең түсті. Әрең тірі қалған. Мен бәрін ойладым. Барлық жері сынған деп ойладым. Ол жүре алмады. Мен оған көмектестім, оны алып кеттім. Біз дереу жедел жәрдем шақырдық”, – деді анасы Лима Арчакова.

Оқиға бір апта бұрын болған. Бірақ Мадина әлі өзіне келген жоқ. 

“Әр түнде мені ұрып жатқаны туралы түс көремін. Анам оятады: "Тыныш, сен үйдесің" деп... Барлық жерім ауырады. Мен дұрыс жүре алмаймын. Барлық қабырғаларым ауырады. Басым айналады. Түнде жүрегім айниды”, – деді Мадина Арчакова.

Жасөспірімнің анасы полицияға арыз жазған. Әйел қызының бұл отбасыдан зардап шеккен жалғыз адам емес екенін айтады.

“Бұл отбасыдан ... біз бірінші болып зардап шеккен жоқпыз. Олардан тағы 2 отбасы зардап шекті. Учаскеде ол күлді. Енді олар бәрін жоққа шығарып отыр, айтады: біз ұрған жоқпыз, бізге ештеңе болмайды. Қызы үнемі айқайлайды: "Менің әкем бұрынғы полиция қызметкері, бізге ештеңе болмайды!", – деді Лима Арчакова.

Полиция күдіктінің ішкі істер органдарына қатысы барын жоққа шығарды. Істі тергеп жатыр. Олар кінәліні жазалауға уәде берді.

“Полицияға бұл факт бойынша жанжалға қатысқан кәмелетке толмағандардың ата-аналарынан арыз алды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, оның нәтижелері бойынша кінәлі адам жауапқа тартылады. Сонымен қатар қыздың әкесі қазір полиция қызметкері емес”, – деді Нұр-Сұлтан қаласы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Эльмира Шәуленова.

Мадинаның анасы енді балаларын аулаға жіберуге қорқады. Бір аптадан бері олар қажет болған жағдайда ғана үйден шыққан.