Бердібек Сапарбаев қанша жалақы алатынын айтты

Ал өзі осы уақытқа дейін қанша жалақы алатынын жасырмаған екен. 

Бердібек Сапарбаев қанша жалақы алатынын айтты
фото: oinet.kz

Жамбыл облысы әкімінің жалақысы қанша? Орынбасарларыңыз қанша айлық алады? Әкім аппаратындағыларға жалақысынан бөлек, қосымша сыйақылар, бонустар төлене ме? Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында nege.kz сайтының тілішісі жолдаған сауалға Бердібек Сапарбаев жауап берді деп хабарлайды Paryz.kz

Облыс әкімі бұл сауалдарға жазбаша ресми түрде жауап бергісі келетінін жеткізді. Ал өзі осы уақытқа дейін қанша жалақы алатынын жасырмаған екен. 

"Мен өзімнің айлық табысымды жасырмаймын. Қаншама жылдан бері жұмыс өтілім бар екенін білесіздер. Соған байланысты менің жалақым 800 мың теңгеден кем емес. Бірақ мен өзімнің және орынбасарларымның айлығы жөнінде жазбаша жауап беремін, – деп уәде етті Бердібек Сапарбаев.