Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Жамбыл облысында аудан әкімінің зәулім үйі халықтың ашуын келтірді (ВИДЕО)

Қазіргі таңда Сарысу ауданы бойынша үй алуға барлығы 1 724 адам кезек күтіп отыр.

Жамбыл облысында аудан әкімінің зәулім үйі халықтың ашуын келтірді (ВИДЕО)
фото: ашық дереккөз

Жамбыл облысында тұрғындар баспана алуға жылдап кезекте тұрса, кей әкімдер бірден бірнеше пәтерді иемденіп алған. Сарысу ауданының басшысы бес қабатты үйдің бірінші қабатындағы барлық пәтерлерді қызметтік баспана ретінде пайдаланып отыр екен. Оған қоса, ғимаратқа жапсарлас соғылған көлігін қоятын гараж да салып алған, деп хабарлайды Paryz.kz, "Еуразия" бірінші арнасына сілтеме жасап.

Тұрғындар "Қарапайым халыққа бір пәтер арман болғанда, әкімнің хан сарайындай баспанада тұруы ұят тірлік" дейді.

Ал аудан басшысы елдің бұл пікірімен келіспейді.

 

1 этажынан 4 квартира бар, 4 квартира өзінікі. Еще елден бөлек гараж соғып алған, Жаңатаста осындай біреу-ақ. Ол кімнің үйі? Аудан әкімінің үйі. Елдер квартираға жете алмай жүр, біздің әкімнің 4 квартирасы бар.

 

Тұрғындардың шамына тиіп отырған осы үй. Айтуларынша, әкім бірінші қабаттағы 4 пәтерді біріктіріп алған. Шығатын есігі де бөлек . Үй артынан соғылған қосымша құрылыс ішіне қызметтік көлігін қойып, сол жерден үйіне кіреді екен.

 

Кімді көресіздер? Әкімді көреміз. Не істейді әкім? Үйі ғой енді.Тұратын үйі ме? Иә Резиденция ма? Иә. 

 

Қызметтік пәтердің жалпы аумағы 130 шаршы метрді құрайды екен. Әкім бұл баспананы ауданның бұрынғы басшылары осылай етіп жасағанын айтады. Марат Сұлтанғалиев бұл қызметке осыдан екі ай бұрын тағайындалған. Оның басқа тұратын пәтері жоқ, ал қазіргісін мемлекетке өткізіп, жаңасын тұрғызуға қаражат қимай отырмыз деп ақталды.

 

4 бөлме қалғаны асхана, дәліздер ғой. Маған дейінгі шешілген басшылардың жобасы. Бірақ мен мұны дұрыс шешілген жоба деп ойлаймын. Өйткені өзіңіз білесіз жер бөліп, коммуникациясы бар, кәріз жүйесі бар, жылуы бар күтіп ұстау үкіметке, мемлекетке тиімсіз, - дейді Сарысу ауданының әкімі Марат Сұлтанғалиев.

 

Осылайша, әкім бұл қызметтік пәтерді ары қарай да пайданала бермекші. Ал, халықтың баспанаға мұқтаждығын кезең-кезеңімен шешетінін айтады. Қазіргі таңда Сарысу ауданы бойынша үй алуға барлығы 1 724 адам кезек күтіп отыр.