Прямая трансляция

Астана

Астана

-3.03°C

Шымкентте 250 адам шақырып, той жасағандар анықталды (ВИДЕО)

Сондай-ақ қызметкерлер мен даяршылардың тойхана ішінде бір реттік бетпердені толық тақпай қызмет көрсеткені белгілі болды.

Шымкентте 250 адам шақырып, той жасағандар анықталды (ВИДЕО)
фото: видеодан скриншот

Шымкентте 250 адам жиналған той тоқтатылды деп хабарлайды Paryz.kz, Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

20 маусымда сағат 19:11-де аудан аумағында орналасқан «HAYAT» тойханасы карантиндік шектеулерді бұзып, үйлену той өткізіп жатқаны анықталды. Бас санитарлық дәрігердің қаулысына бағынбай, ұйымдастырушы тойға 250 адамнан аса қонақ шақырған. Сондай-ақ қызметкерлер мен даяршылардың тойхана ішінде бір реттік бетпердені толық тақпай қызмет көрсеткені белгілі болды.

Бұл жайт бойынша карантин талаптарын сақтамай жұмысын жалғастырған тойхана иесі мен той өткізген адамнан түсініктеме алынды. Жинақталған іс-құжаттар шара қолдану үшін ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) бойынша Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.