Прямая трансляция

Астана

Астана

9°C

Коронавирус: БҚО-да 34 науқас жансақтау бөлімінде жатыр

Облыста жыл басынан бері 14867 адам індет жұқтырса, соның 55,5 пайызы (8262) Орал қаласында, 14,3 пайызы (2130) Бәйтерек, 11,1 пайызы (1662) Бөрлі ауданында тіркеліп отыр.

Коронавирус: БҚО-да 34 науқас жансақтау бөлімінде жатыр
фото: ашық дереккөз

Батыс Қазақстан облысында коронавирусқа шалдыққан 34 науқас жансақтау бөлімінде жатыр деп хабарлайды Paryz.kz

БҚО Денсаулық сақтау басқармасы өңірде 1123 төсектік 18 инфекциялық стационарда емделіп жатқандар саны 441-ге жеткенін мәлімдеді. Соның ішінде Орал қаласында 600 төсектік 5 стационарда 362 науқас жатыр. Соңғы аптада алдыңғымен салыстырғанда, ауру жұқтыру көрсеткіші 5,7 пайызға (30 адамға) төмендегенімен, ауруханаға түсіп жатқандар саны азайып отырған жоқ.

Тағы оқи отырыңыз: Батыс Қазақстан облысында оқушылар жаппай коронавирус жұқтырып жатыр

БҚО коронавируспен күресе алмай отыр ма?

Облыста жыл басынан бері 14867 адам індет жұқтырса, соның 55,5 пайызы (8262) Орал қаласында, 14,3 пайызы (2130) Бәйтерек, 11,1 пайызы (1662) Бөрлі ауданында тіркеліп отыр. Соңғы тәулікте 66 адамнан коронавирус табылса, 48-і емделіп шықты. Індет басталғаннан бері 24088 науқас тіркелсе, соның 19218-і жазылып шықты. Соның ішінде 8925-і стационарда, 10293-і амбулаторлық ем алды. 351 адам өмірден озды.

Облыс бойынша 82198 адам коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші, 49744-і екінші компонентімен егілді.