Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

"Барлығы сырттан әкелінеді": Азық-түлік бағасы неге жылдам өсіп жатыр?

Қазақстандық нарықтың импортқа тәуелділігі айқын. Бәсекелестікті қорғау агенттігінде бұл мәселені қалай шешуге болатынын айтты.

"Барлығы сырттан әкелінеді": Азық-түлік бағасы неге жылдам өсіп жатыр?
фото: ашық дереккөз

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі азық-түлік бағасының неліктен тез өсіп келе жатқанын түсіндірді деп хабарлайды Paryz.kz, Orda.kz сайтына сілтеме жасап. 

Сәбіз бен картоптың бағасы қолжетімсіз болып бара жатыр. Ресми мәліметтерге сүйенсек, көкөністерді айтпағанның өзінде, жеміс, күнбағыс майы, қант, қарақұмық, тауық еті мен жұмыртқа бағасы жыл басынан қатты өсуде.  Өкініштісі –  билік бағаны тізгіндей алар емес. Айтуларынша, әрбір қымбаттаудың объективті себептері бар. Олардың ішінде – құс тұмауынан тауықтардың қырылуы, субсидиялардың қысқаруы, жем-шөптің, шикізаттың қымбаттауы, коммуналдық қызметтердің қымбаттауы, егіс алқаптарының қысқаруы, әлемдік бағаның өсуі және көкөніс қоймаларының жетіспеушілігі себеп болып отыр екен.

Қазақстанда қанттың қажетті көлемінің 27% -ы ғана өндірілсе, тауық еті нарығы көлемі жартысынан сәл ғана асады. Аграрлық ел деп аузымызды айға балағанмен, бізде  өзіміздің майымыз да , макаронымыз да жоқ. Барлығы сырттан әкелінеді, ал пандемия кезінде әлем бағалары  шамамен 40% -ға өсті. 

Қазақстандық нарықтың импортқа тәуелділігі айқын. Бәсекелестікті қорғау агенттігінде бұл мәселені қалай шешуге болатынын айтты.

"Ол үшін егіс алқаптарын ұлғайту керек, АӨК импортқа тәуелді тауарларын субсидиялауды кеңейту, шикізатты қайта өңдеу бойынша кредиттеуді субсидиялау қажет", – дейді Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Рустам Ахметов.