Спортшының сөзіне қарағанда, оған жақсы гонорар ұсынған.
Аралас жекпе-жек бойынша әлі бір рет те жеңіліп көрмеген Мовсар Евлоев енді Қазақстанның намысын қорғайды. Бұл туралы спортшы өзінің Instagram парақшасында жазады, деп хабарлайды Paryz.kz.
Ол өз ұлты ингуштың, сонымен қатар, Ресей азаматы болғандықтан осы елдің атынан шығатынын жазады.
"Бүгіннен бастап Arlan MMA Pro Team тобының құрамында сайысқа түсемін. Бұл топ көптеген спортшыға жәрдемдеседі", - деді Евлоев.
Тағы оқи отырыңыз: Қуат Хамитов украиналық қарсыласын "ұйықтатып тастады" (ВИДЕО)
Спортшының сөзіне қарағанда, оған жақсы гонорар ұсынған. Алайда Евлоев клубтың намысын қорғағаны үшін ақы алмайтынын жеткізді.
Бұған қоса, ол Қазақстанды өзінің екінші отаны санайтынын айтады.
"Пәлен жерде алтын бар, өз жеріндей қайда бар", - деп қазақ мақалын қазақшы жазып қойды.