Махамбетовтың сөзінше, оның отбасы астанада тұрады екен.
Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов үйінде тамақ ішпейтінін айтты деп хабарлайды Paryz.kz, "Аж Жайық" басылымына сілтеме жасап.
Аймақта азық-түлік бағасының шарықтап кетуіне байланысты әкімге "Отбасыңыз тамаққа айына қанша теңге жұмсайды? " деген сұрақ қойылған.
Махамбетовтың сөзінше, оның отбасы астанада тұрады екен.
"Менің әйелім кейде Атырауда, кейде Нұр-Сұлтанда тұрады. Мен үйден тамақтанбаймын", - деді әкім.
Оның айтуынша, ол облыстағы мәселе жайлы хабардар. Картоп пен сәбіз бағасының қымбаттауы маусымдық кезеңге байланысты.
"Қазір картоп Қазақстанның оңтүстігі мен көршілес Ресейден әкелінеді. Оның бағасы төмендеуде. Атырау облысы картоппен тек 44%-ға қамтылған. Көкөнісітің бағасын ұстап тұру мүмкін емес, бұл саудаға кері әсерін тигізеді", - деді ол.