Прямая трансляция

Астана

Астана

0°C

Ақтаулықтар аквапарк аумағында шу шығарды (ВИДЕО)

Ересектер мен балалар демалыс аумағына кіруге тырысты, бірақ бәріне бірдей рұқсат берілмеді.

фото: видеодан скриншот

Ақтаулықтар 15-шағын аудандағы аквапарк маңында шу шығарды. Адамдар демалыс орнының аумағына кіруге тырысқан. Бұл сәт видеоға түсіп қалды. Жағдайды ойын-сауық кешенінің әкімшілігі түсіндірді деп хабарлайды Paryz.kz, Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Кеше, 18 маусым күні аквапарктің кіреберісінде жиналғандар видеоға түсіп қалған. Ересектер мен балалар демалыс аумағына кіруге тырысты, бірақ бәріне бірдей рұқсат берілмеді. Аквапаркте болған жағдай туралы мекеме әкімшілігі түсініктеме берді.

Аквапарктің Instagram-дағы ресми парақшасында әкімшілік азаматтардың ойын-сауық кешеніне кіруге ықылас танытқанына түсіністікпен қарайтынын, бірақ бүгінгі күні белгілі бір шектеулер бар екенін жеткізді.

"Өкінішке қарай, қазіргі жағдайға байланысты біз қонақтардың 50 пайызын ғана қабылдаймыз. Билеттердің алдын ала сатылымы жоқ, бұл білезіктердің шектеулі болуына байланысты. Білезік – бұл кіру билеті. Егер демалыс орнына кірем десеңіз, сәл ертерек келгеніңіз абзал. Біз карантин шектеулері жойылғанға дейін сағат 10.00-ден 19.00-ге дейін жұмыс істейміз", – деді аквапарк әкімшілігі.