Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Хайп үшін автобустың төбесіне шығып алған ақсулық жігіт ұсталды (ВИДЕО)

Ол 18 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.

Хайп үшін автобустың төбесіне шығып алған ақсулық жігіт ұсталды (ВИДЕО)
фото: видеодан скриншот

Павлодар облысында полиция қызметкерлері хайп үшін автобустың төбесіне шыққан 18 жастағы жігітті жауапкершілікке тартты деп хабарлайды Paryz.kz, Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу кезінде бір видео тәртіп сақшыларының назарын аударған. Кадрдан жүріп бара жатқан автобустың төбесінде жатқан жас жігіт байқалған. Осыған байланысты құқық қорғау саласының қызметкерлері тексеру жұмыстарын жүргізген. Нәтижесінде полиция қызметкерлері 17 маусымда сағат 13:00 шамасында Ақсу қаласы Астана көшесіндегі аялдамада автобустың төбесіне шығып, және қоғамдық көліктің үстінде бейәдеп сөздер айтқан жігітті анықтаған.

Полицейлер тәртіп бұзушы тез арада тапқанын хабардар етті. Ол 18 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Көптің зәресін алған жас жігітке қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 434-бабы ("Ұсақ бұзақылық") бойынша әкімшілік іс қозғалды. Материал шешім шығару үшін сотқа жіберілді. Сонымен қатар, 18 жастағы ақсулықтың бұндай қадамға әлеуметтік желіде хайп жасау үшін барғаны айтылды.